Израиль мен Грекия бірлескен жаттығу өткізді

Әскери жаттығудың Израиль мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты бекемдеуде, әрі ортақ мүдделерді қорғауда маңызды екені хабарланды.

1854974
Израиль мен Грекия бірлескен жаттығу өткізді

Израиль мен Грекия әуе күштері Израиль әуе кеңістігінде бірлескен әскери жаттығулар өткізді.

Израиль армиясының баспасөз хатшысы жаттығуға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Израиль Әуе кұштері Грекия ортағымен бірге Израиль әуе кеңістігінде «Әртүрлі сценарийлермен күресу, оның ішінде алдыңғы қатарлы әуе шайқасы және грек соғыс ұшақтарына әуеде жанармай құюды қамтыған»  бірлескен әскери жаттығулар өткізгені білдірілді.

Екі елдің әуе күштері арасында тәжірибе алмастыруға негіз қалайтыны және мүмкіндіктер жарататыны білдірілген жаттығудың Израиль мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты бекемдеуде, әрі ортақ мүдделерді қорғауда маңызды екені хабарланды.

Мәлімдемеде жаттығу "Екі әуе күштерінің әуе және техникалық экипаждар үшін қиындықтар тудыратын ықтимал операциялық сценарийлермен күресу қабілетіне қосымша, әртүрлі сценарийлер жағдайында соғысқа дайын болу қабілетін арттыруға ықпал ететіні" атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар