АҚШ-тың Вирджиния штатында сел жүрді

АҚШ-тың Вирджиния штатында 2 күн бойы жалғасқан қатты дауыл мен жаңбыр салдарынан су тасқыны болды.

1855243
АҚШ-тың Вирджиния штатында сел жүрді

Америка Құрама Штаттарының  Вирджиния штатында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Сел апатында 44 адамнан хабар-ошар жоқ.

Штатта 2 күн бойы жалғасқан қатты дауыл мен жаңбыр салдарынан су тасқыны болды.

Штаттың солтүстігінде орналасқан Бьюкенен округінде 44 адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Мәлімдемеге қарағанда су тасқынынан кемінде 100 үй зардап шекті, инфрақұрылым мен жолдарға да зақым келген.

Вирджиния губернаторы Глен Янгкин су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялады.



Ұқсас жаңалықтар