Үндістандағы лай көшкінінде қаза тапқандар саны 42-ге ұласты

Іздеу-құтқару жұмыстарының бесінші күнінде апаттан қаза тапқандар санының 37-ден 42-ге жеткені айтылды.

1851314
Үндістандағы лай көшкінінде қаза тапқандар саны 42-ге ұласты

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур уәлаятында 30 маусымда болған лай көшкінінде қаза тапқандар саны 42-ге жетті.

бейбітЛауазым иелерінің хабарлауынша уәлаяттың Ноней ауданындағы Тупул теміржол құрылыс алаңындағы көшкіннен кейін 20 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Іздеу-құтқару жұмыстарының бесінші күнінде апаттан қаза тапқандар санының 37-ден 42-ге жеткені айтылды.

Жоғарғы лауазым иесі Соломон Фимат бұл жайлы мәлімдеме жасап «Құтқару жұмыстары жалғасуда және осы таңға дейін 18 адам құтқарылды. Жоғалғандардың тірі екені жайлы  үміт өте аз» деп көрсетті.

Фимат қаза тапқандардың 24-інің Аймақтық армия (ТА) мүшелері екенін айтты. Ол 13 армия қызметкері мен 5 бейбіт тұрғынның құтқарылғанын хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар