Бір жүк көлігінен 42 адамның мүрдесі шықты

Жүк көлігіндегілер АҚШ-қа заңсыз өтпек болған босқындар деген болжам бар.

1848999
Бір  жүк көлігінен 42 адамның мүрдесі шықты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында бір  жүк көлігінен 42 адам өлі күйінде табылды.

АҚШ баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда, Сан-Антонио қаласында босқын болуы мүмкін 42 адамның мүрдесі бір  жүк көлігінде табылды.

Жүк көлігіндегі 16 адам аймақтағы ауруханаларға жеткізілді.

Жүк көлігіндегілер АҚШ-қа заңсыз өтпек болған босқындар деген болжам бар.

Сан-Антонио полиция департаменті жүк көлігінің жүргізушісін іздеп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар