Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінен жәрдем сұрады

Владимир Зеленский Германияның үй иелігімен Бавариядағы Эльмау сарайында өткен «Үлкен жетілік» саммитіне видео арқылы қатысты.

1848742
Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінен жәрдем сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский «Үлкен жетілік» елдерінің басшыларынан Ресейге қарсы көбірек қару-жарақ, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қамтамасыз етуді сұрады.

Владимир Зеленский Германияның үй иелігімен Бавариядағы Эльмау сарайында өткен «Үлкен жетілік» саммитіне видео арқылы қатысты.

Владимир Зеленский АҚШ, Англия, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония басшыларынан еліне көбірек қару-жарақ, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізуді талап етті.

«Үлкен жетілік» елдерінің басшыларын Ресейге қарсы көбірек қару-жарақ пен қорғаныс жүйелерін беруге шақырған Владимир Зеленский лидерлерден Киевтің дәнді дақыл экспортын жасауына жәрдемші болуды және Украинаны қайта құру үшін қаржылай көмек беруді сұрады.

Ресей-Украина соғысына 124 күн болды, Украинадағы соғыс және оның азық-түлікке, энергетикалық қауіпсіздікке және жаһандық экономикаға әсері «Үлкен жетілік» лидерлер саммитінің екінші күніндегі басты талқы тақырыбы болды.

«Үлкен жетілік» лидерлер саммитінің бүгінгі бесінші отырысында климат, энергетика, денсаулық сақтау салаларының болашағы үшін инвестиция салу тақырыптары талқылануда.

Лидерлер "Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі, гендерлік теңдік" атты алтыншы отырысты өткізеді.

Осы отырыста Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш лидерлермен "Жаһандық азық-түлік дағдарысы" тақырыбын видео арқылы талқылайды.

Саммит «Үлкен жетілік» лидерлері мен жұбайлары қатысатын кешкі қонақасымен аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар