Түркияның алаңдарына көңіл бөлу керек

НАТО Бас хатшысы Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігі жайлы мәлімдеме жасады.

1848751
Түркияның алаңдарына көңіл бөлу керек

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігімен байланысты Түркияның алаңдайшылығына көңіл бөлу керектігін айтты.

Йенс Столтенберг Испанияның бас қаласы Мадридте еттең басталатын НАТО лидерлер саммиті қарсаңында мәлімдеме жасады.

Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанмен Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігі тақырыбында кездескенін, өзін ертең Мадмидтте өткізілетін төрттік саммитке шақырғанын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия президенті Саули Ниинисто және Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссонның Мадридтте бас қосқанын баяндаған Йенс Столтенберг «Баста мақсат әрине Финляндия мен Швеция тақырыбында ілгерілеушілікті жүзеге асыру. Ешқандай уәде бере алмаймын. Бірақ келіссөздердің сәтті өтуі үшін белсенді жұмыс істеудеміз. НАТО-ны күшейтетін және Еуроатлантикалық аймағында тұрақтылыққа үлес қосатын бір нәрсе болады» деген сөздер қолданды.

Йенс Столтенберг Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылу тақырыбында көп жұмыс істегендерін, алайда Түркияның қауіпсіздік тақырыбындағы алаңдаушылығына көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Столтенберг НАТО-ның жоғарғы дайындықтардан өткен күштерінің әскер санының 300 мыңнан асқанын айтты.

НАТО Бас хатшысы Украина президенті Владимир Зеленскийдің саммитке қаттысатынына қатты риза болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар