Зеленский AfB саммитіне бейнеконференция арқылы үн қатты

Украина президенті Африка Одағы (AfB) саммитіне бейнеконференция арқылы қатысты.

1846185
Зеленский AfB саммитіне бейнеконференция арқылы үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің өз еліне 24 ақпан күні бастаған соғысының Африка құрлығын «кепілдікке алуы» екенін айтты.

Владимир Зеленский Африка Одағы (AfB) саммитіне бейнеконференция арқылы үн қатып, Ресей-Украина соғысы және Африкада туындаған азық-түлік дағдарысына қатысты мәлімдеме жасады.

Зеленский бүкіл әлемде азық-түлік бағасының айтарлықтай өскенін, бірақ бұл жағдайдың әсіресе Африка елдеріне қатты әсер еткенін атап өтті.

Азық-түлік дағдарысының Ресейдің «отаршылдық» шабуылдары жалғасқан сайын созылатынын атап көрсеткен Зеленский Украинаның өз шекарасынан шыға алмайтын 25 миллион тонна дәнді дақыл үшін жаңа жеткізу және логистикалық тізбегі құруға тырысатынын жеткізді.

Украина басшысы «Біз порттарымызды қоршаудан құтқару үшін жан-жақты келіссөздер жүргізіп жатырмыз, дегенмен порттарға Ресей шабуылының алдын алатын бір механизмді таба алмадық» деді.

Африкамен қарым-қатынастарын жақсартқысы келетініне назар аударған Зеленский «Африка Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысының кепіліне айналды» деді.

Украинаның Африка бойынша арнайы өкілінің жақын арада қызметіне кірісетінін жариялаған Зеленский Украина мен Африка арасында ауқымды саяси және экономикалық конференция ұйымдастыруды ұсынды.

AfB кезекті төрағасы Макки Салл болса Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Зеленскийге алғысын айта отырып, Африка халықаралық құқықты құрметтеуге, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және сауда еркіндігін сақтауға өзінің міндеттемесін сақтайтынын білдірді.

AfB комиссиясының басшысы Мусса Факи Махамат болса твиттерден жасаған хабарламасында аймақта бейбітшілік пен жаһандық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін келіссөздердің шұғыл қажетті екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар