Боррель жаһандық азық-түлік дағдарысына тоқталды

Жозеп Боррель Украинаның экспортына тосқауыл жасаған Еуропа Одпағы емес, Ресей екенін түсіндірді.

1846084
Боррель жаһандық азық-түлік дағдарысына тоқталды

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Люксембург қаласында ұйымдастырылған Еуропа Одағы сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Украинаның экспортына тосқауыл жасаған Еуропа Одағы емес, Ресей екенін түсіндірген Боррель «Порттарға, экспортқа және қатынас инфрақұрылымына біз емес, Ресей зиян тигізуде» деді.

Жозеп Боррель бұны «Ресейдің әлемде қасақана жасаған ашаршылық әрекеті» деп түсіндірді.

Боррель азық-түліктердің Еуропа Одағы санкциялары саясатының ішінде емес екенін айтты.

Жозеп Боррель Сахель аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1 миллиард евро беретінін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар