Үндістанда сел мен лай көшкінінде 71 кісі қаза тапты

Үндістанның Ассам уәлаятында нөсерлі жаңбыр себеп болған сел мен лай көшкіні апатында қаза тапқандардың саны 71 кісіге көбейді.

1845800
Үндістанда сел мен лай көшкінінде 71 кісі қаза тапты

Үндістан жергілікті баспасөзінің хабарына қарағанда Ассам уәлаяты апат басқару ұйымынан жасалған мәлімдемеде Брахмапутра өзенінің су деңгейі қауіпті өреге көтерілгені, неше аптадан бері жалғасқан жаңбырда тағы 9 адамның көз жұмғаны, сондай-ақ қаза тапқан адам санының 6 сәуірден осы таңға дейін 71-ке ұласқаны хабарланды.

Ассам уәлаяты апат және төтенше жағдай басқармасы селдің соңғы 24 сағатта 33 аймаққа жеткенін және 4 миллионнан астам адамның селден болымсыз ықпал көргенін білдірді. 

Лауазым иелері 8 күннен бері сел апаты және лай көшкініне тап болған Ассамда 8 адамның жоғалып кеткенін баяндады. 

Апат аймақтарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

 



Ұқсас жаңалықтар