Эфиопияда 200-ден астам бейбіт тұрғын өлтірілді

Елдің оңтүстік орталық аймағы тұрғыны Амхара этникалық тобына қарулы шабуыл жасалды.

1845616
Эфиопияда 200-ден астам бейбіт тұрғын өлтірілді

Африканың шығысындағы Эфиопияда көпшілігі Амхара этникалық тобына жататын 200-ден астам бейбіт тұрғын белгісіз бір топтың қарулы шабуылында қаза тапты.

Елдің оңтүстік орталық аймағында орналасқан Оромияда 18 маусым күні Амхара этникалық тобына қарулы шабуыл жасалды.

Шабуыл кезінде 200-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты.

Шабуылдан аман қалған Абдулсаид Тахир «Мен 230 мәйітті санадым және өкінішке орай бұл бейбіт тұрғындарға жасалған ең қанды шабуыл» деді.

Тахир шабуылдан соңғы сәтте аман қалғанын және жаңа шабуыл ықтималы болғанына алаңдағандарын білдірді.

Шабуылдың көтерілісшіл Оромо азаттық армиясы (OLA) тарапынан жасалғаны алға тартылды.

OLA баспасөз хатшысы Ода Тарбии болса өздері туралы айыптауларды жоққа шығарды.

Эфиопия Адам құқықтары комиссиясы болса үкіметке шақыру жасап, мұндай шабуылдарға қарсы шаралар қабылдану және шешім іздеу керектігін білдірді.

110 миллионнан астам халқы бар Эфиопияда этникалық топтар арасында қақтығыстар болуда.

Елдегі екінші үлкен этникалық топқа жататын Амхараларға қарсы Оромия аймағында шабуылдар жиі болып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар