"Түркияның уайымдарын назарға алу керек"

НАТО-ның 7 мүше елінің премьер-министрлері мен Столтенберг баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

1843480
"Түркияның уайымдарын назарға алу керек"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанның НАТО-ға мүше болатын елдерге байланысты уайымдарын назарға алу керектігін, себебі Түркияның шыныменен террорлық қауіппен бетпе-бет екенін білдірді.

Столтенберг Нидерландының Гаага қаласында Нидерланды премьер-министрі Марк Рутте және Дания премьер-министрі Метте Фредериксеннің ұйымдастыруымен өткен жұмыс қонағасына қатысты.

Қонағасыда Румыния премьер-министрі, Бельгия премьер-министрі, Польша премьер-министрі, Португалия премьер-министрі мен Латвия премьер-министрі орын алды.

Артынан НАТО-ның 7 мүше елінің премьер-министрлері мен Столтенберг баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Столтенберг осында Финляндия мен Швеция сапарының болымды өткенін айтып, екі елдің Түркияның уайымдарына шешім табу үшін жұмыстарына риза болғанын білдірді.  «Президент Ердоған тілге тиек еткен уайымдарды назарға алуымыз керек.  Себебі Түркия шыныменен террорлық қауіппен бетпе-бет» деді ол.  Столтенберг «Түркия секілді маңызды одақтастың уайымы болса,  сөйлесіп шешу керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар