Пәкістанда ауыр өрт апаты болды

Карачидегі өрт апатында 500-ден астам мотоцикл, 7 жеңіл көлік және бір автобус күлге айналды.

1841842
Пәкістанда ауыр өрт апаты болды

Пәкістанның Карачи қаласында көлік тұрағында шыққан өрт апатында 500-ден астам мотоцикл, 7 жеңіл көлік және бір автобус күлге айналды.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Азиз Бхатти ауданындағы автотұрақ жанындағы бұта-қарағанда шыққан өрт қысқа уақытта автотұраққа жеткені білдірілді.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көлік тұрағында шыққан өрт апатында 500-ден астам мотоцикл, 7 жеңіл көлік және бір автобус күлге айналғанын, жан шығыны мен жаралы болмағанын хабарлады.

Лауазымдылар дөңгелектердің өртенуі себепті аспанды тұман торлағанын, өртті сөндіру жұмыстарының жалғасқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар