Елизавета II тақта ең ұзақ отырған екінші билеуші болды

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II 4 жасында патша болған француз 14-ші Луиден кейінгі тақта ең көп отырған кісі атағын алды.

1842076
Елизавета II тақта ең ұзақ отырған екінші билеуші болды

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II 70 жыл 127 күнмен тарихтағы тақта ең ұзақ отырған екінші билеуші болды.

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II 2016 жылы қайтыс болған Таиланд королі Пхумибол Адульядетті артқа тастап, 4 жасында патша болған француз 14-ші Луиден кейінгі тақта ең көп отырған кісі атағын алды.

Ұлыбритания көлемінде өткен апта 96 жасқа толған Патшайым Елизавета II-нің «Платина» мерейтойы 4 күнге созылған шаралармен өтті.

Таққа шыққанына 6 ақпанда 70 жыл толған Патшайым Елизавета II 2024 жылы  мамырға дейін билікте қалса, тақта ең ұзақ отырған билеуші атағын алады.

Елизавета II әкесінің қайтыс болуына орай 25 жасында таққа шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар