Орыс армиясы Сирияға қару жолдап жатыр

Ресей армиясы Сириядағы "Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағының Тель-Темір базасына әскери қару-жарақ жолдады.

1839915
Орыс армиясы Сирияға қару жолдап жатыр

Ресей армиясы Сириядағы Хасаканың Камишли ауданына орналасқан Тартаб полкінен және Камишли әуежайынан "Бейбітшілік бұлағы" операциясы аймағының оңтүстік-шығыс шебі желісіндегі Тель-Темір базасына әскери қару-жарақ жөнелтті.

Тель-Темір базасындағы хабар көздерінің білдіруіне қарағанда орыс армиясы Камишли ауданында орналасқан Тартаб полкінен және Камишли әуежайынан Тель-Темір базасының солтүстігіндегі әскери база ретінде қолданылған Абкар станциясына әскери қару-жарақ жөткегені хабарланды.

Көптеген орыс тікұшағы жолсерік болған көлік қатарында 2 танк, радар жүйесі, "Точка" типті ұшақ соғарлар, 8 қызметкер тасымалдайтын сауытты көлік орын алды.

Орыс армиясы 3 маусымда Сириядағы Хасака уәлаятында басты бөлімін бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK жаулап жатқан Камишли ауданында режим билігіндегі әуежайға әскери жұк ұшағын жолдаған болатын.

Осы тасымалда қысқа және орта аралыққа атылатын әуе қорғаныс жүйесі  Pantsir-S1 анықталған.

Ресей армиясының Айн Иса, Тель-Темір, Манбидж, Айнул Араб және Камишлиде ондаған деп сипаттауға болатын сарбаздар санының артуы тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар