Канада Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдады

Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жоли елінің Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдағанын мәлімдеді.

1840460
Канада Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдады

Канада Ресейдің мұнай, газ және химия өнеркәсібінің операциялары үшін қажетті бухгалтерлік есеп, жарнама сияқты 28 қызмет түрін Ресейге экспорттауға тыйым салды.

Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жоли жасаған мәлімдемесінде Украина соғысына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдағанын білдірді.

Аталмыш санкциялар аясында ресейлік мұнай, газ және химия өнеркәсібінің операциялары үшін бухгалтерлік есеп пен жарнама сияқты 28 қызмет түрін Ресейге экспорттауға тыйым салынды.

Жоли өз мәлімдемесінде нысанаға алынған бұл салалардың Ресей бюджеті кірісінің 50 пайызына сәйкес келетінін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар