Джо Байден Еуропаға сапарлай келеді
Саммитте Үлкен-7 тобының Украинаға қолдауы, экономикалық және демократиялық табандылық, климат өзгерістері, өркендеу, жаһандық денсаулық сақтау қауіпсіздігі қолға алынады.
Америка Құрама Штаттарының Президенті (АҚШ) Джо Байден 25-28 маусымда Германияда өтетін Үлкен-7 көшбасшыларының саммитіне және Испаниядағы НАТО саммитіне қатысу үшін Еуропаға сапарлай келеді.
Ақ Үйдің Баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер жазбаша мәлімдемесінде:
"Джо Байден 25-28 маусымда Германияда өтетін Үлкен-7 көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін 25 маусымда Германияның оңтүстігіндегі Schloss Elmau қаласына барады" деді.
Аталмыш саммитте Үлкен-7 тобының Украинаға қолдауы, экономикалық және демократиялық табандылық, климат өзгерістері, өркендеу, жаһандық денсаулық сақтау қауіпсіздігі қолға алынады.
Карин Жан-Пьер 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы себепті ортаға шыққан азық-түлік және энергия дағдарысы саммиттің маңызды тақырыптары арасында болатынын айтты.
Карин Жан-Пьер:
"28 маусымда Джо Байден НАТО саммитіне қатысу үшін Испанияның астанасы Мадридке сапарлай барады" деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.