Ирак пен Қытай виза келісіміне қол қойды

Қытай мен Ирак азаматтарының өзара саяхатында виза алынбайды.

1838520
Ирак пен Қытай виза келісіміне қол қойды

Ирак пен Қытай үкіметтері арасында дипломатиялық, қызмет өтеу және жеке паспорт иелері үшін виза жеңілдігі келісіміне қол қойылды.

Ирак Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде аталмыш келісімге Ирак Сыртқы істер министрлігінің өкілі Незар Хайрулла мен Қытайдың Ирактағы өкілетті елшісі Цуй Вей қол қойғаны білдірілді.

Ирак астанасы Бағдаттағы Сыртқы істер министрлігінде қол қойылған келісім аясында ирактық дипломатиялық, қызмет өтеу және жеке паспорт иелері үшін Қытайға визасыз саяхат жасайды. Осы түрдегі паспортқа ие Қытай азаматтарының Иракқа саяхатында виза алынбайды.

Мәлімдемеде:

"Осы келісім екі елдің барлық саладағы екі жақтылы қарым-қатынастарын дамытуға мән бергенін көрсетеді" деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар