Жозеп Боррель Ресейді сынға тартты

Жозеп Боррель "Ресей халықаралық дәнді дақылдар саудасындағы тапшылықтың тікелей жауапкері" деді.

1838091
Жозеп Боррель Ресейді сынға тартты

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель халықаралық саудада дәнді дақылдардың тапшы болуына Ресейдің себепкер болғанын айтты. 

Жозеп Боррель Twitter-дегі парақшасында Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкциялардың бұл елдің соғыс күшін әлсіретуді көздегенін, дәнді дақылдардың қамтылмағанын білдірді. 

Боррель "Ресей Украинаның порттарын басып алды. Украина жүгері және бидай сынды дәнді дақылдарын шетелге шығара алмады, Укриана экспорты тосылды. Ресей халықаралық дәнді дақылдар саудасындағы тапшылықтың тікелей жауапкері" деген сөздер қолданды. 

Жозеп Боррель соғыстан туынданған қиыншылықтарды шешу үшін әлемнің әр жеріндегі елдермен селбесе отырып жұмыс істейтіндерін атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар