Нигерияда бір шіркеуге шабуыл жасалды

Нигерияның Ондо уәлаятындағы бір шіркеуге ұйымдастырылған шабыулда кем дегенде 50 адам қаза тапты.

1838002
Нигерияда бір шіркеуге шабуыл жасалды

Жасалған мәлімдемеде Ондо уәлаятының Ово аймағындағы бір шіркеуге жасалған шабуылда кейін кем дегенде 50 адамның мәйітінің табылғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде шабуылда көптеген адамның жарақат алғаны да баяндалды. 

Нигерия президенті Мұхаммед Бухари шабуылды айыптап "Қандай болса болсын, бұл елде жамандықтарға және опасыздықтарға мүмкіндік бермейміз. Қара түнек жарық сәулені  әсте жеңе алмайды" деген сөздер қолданды. 

Ондо уәлаяты әкімі Ротими Акередолу оқиғаны "Бейуаз тұрғындарға қарсы жасалған опасыз бір шабуыл" деді. 

Акередолу ауруханада емделіп жатқандардың көңілін сұрады. 

Акередолу жасаған мәлімдемесінде шабуылда қаза тапқандар үшін 7 күндік аза тұту күні жарияланғанын білдірді. 

Акередолу оқиға орнына қауіпсіздік күштердің жіберілгенін, шабуылға байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын атап өтті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар