Ким Чен Ын Патшайым Елизавета II-ні құттықтады

Ким Чен Ын: «Сізді және сіздің халқыңызды еліңіздің Ұлттық күні, Мәртебелі Патшайымның ресми туған күнімен құттықтаймын» деді.

1837250
Ким Чен Ын Патшайым Елизавета II-ні құттықтады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II-нің таққа отырғандығының 70 жылдық Платина мерейтойымен құттықтады.

Сингапурлық Straits Times хабарына сәйкес Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ким Чен Ынның Патшайым Елизавета II-нің туған күніне орай құттықтауында:

«Сізді және сіздің халқыңызды еліңіздің Ұлттық күні, Мәртебелі Патшайымның ресми туған күнімен құттықтаймын» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Ким Чен Ынның "Патшайымға жолданған тұңғыш халыққа ашық үндеуі" екені білдірілді.

Ағылшын лауазымдылар осындай үндеудің бұрын да жолданғанын, санақ тексеруінде үндеудің Солтүстік Корея баспасөзінде тұңғыш рет орын алғаны білдірілді.

Ұлыбританияда Патшайым Елизавета II таққа отырғандығының 70 жылдық (Платина мерейтойы) рәсімдері туған күнді тойлаумен басталды.

Туған күн шеруіне 96 жастағы Патшайым қатыспады, Корольдік отбасының мүшелері арнайы көліктерімен халыққа сәлем берді.

Ұлыбританияның жалаулары мен Патшайымның суретін көтерген британдықтар 4 күндік мерекелік шаралардың бастамасы туған күн шеруін тамашалады.



Ұқсас жаңалықтар