Түркия мен Швеция арасында келіссөз өткізіледі

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон Түркия мен Швеция арасындағы НАТО келіссөздеріне тоқталды.

1836164
Түркия мен Швеция арасында келіссөз өткізіледі

Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон Түркиямен бір жиналыс өткізетінін, келіссөздердің жалғасуын сабырсыздықпен күткендерін айтты. 

Андерссон Түркия мен Швеция арасындағы НАТО келіссөздеріне тоқталды.

Магдалена Андерссон "Түркиямен сөйлестік, таяуда бір жиналыс өткіземіз. Бұл тақырыпта Финляндиямен бірге әрекет етудеміз" деп көрсетті. 

Швеция қорғаныс министрі Питер Хультквист Түркияның Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне кедергі жасау тақырыбында елінің және НАТО мүшелерінің мәселені дипломатиялық жолдармен шешуге тырысқанын айтты. 

Неміс теледидары "Deutsche Welle"-ге сұхбат берген Хультквист  елінің НАТО мүшелігі процесінің бейтарап және бейбітшілік мәртебесінен бас тарту мағынасында емес екенін білдірді. 

Питер Хультквист "Шешім табуға тырысудамыз. Біздің құндылығымыз Еуропадағы басқа елдердің құндылықтарымен бірдей" деді. 

Хультквист Украинадағы соғыстың швециялықтардың НАТО-ға қосылу тақырыбындағы ойларын және Еуропадағы жағдайды түбегейлі өзгерткенін баяндап, "Алайда аңқау емеспіз, маңайымыздағы жаңалықтарды көріп отырмыз. Бұл оқиғадан бір нәтиже шығаруымыз керек" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар