Ресей стратегиялық зымыран жаттығуын өткізді

Ресейдің Стратегиялық Зымырандық күштері орыс армиясының Стратегиялық Атомдық күштерінің негізгі бөлшегі болып табылады.

1836103
Ресей стратегиялық зымыран жаттығуын өткізді

Ресейдің Стратегиялық Зымырандық күштерінің бөлімшесі «Ярс» зымыранымен әскери жаттығу өткізді.

Ресейдің Стратегиялық Атомдық күштерінің бөлшегі ретінде бетін қайтару үшін жобаланған жалғасты соғысқа дайын Ресейдің Стратегиялық Зымырандық күштеріне қарасты жасақтар құрлықтар арасы балистикалық зымыран жүйесі «Ярс» зымыранының соғыс бақылауына байланысты әскери жаттығу ұйымдастырды.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ресейдің Стратегиялық Зымырандық күштеріне қарасты Тейсково бөлімшесінің Ивоново аймағындағы Ярс зымыранының ұшыру жүйелері жауынгерлік бақылау бағыттары бойынша маневр жасағаны хабарланды.

Әскери жаттығуға мың әскер және 100-ден астам әскери техникалық көлік қатысқаны білдірілген мәлімдемеде:

"Стратегиялық зымыран бөлімшесінің мүшелері зымыран жүйелерін далалық позицияларға әкелу, 100 шақырымға дейін жаяу жүру, далалық позицияларды өзгерте отырып, бөлімшелерді орналастыру мәселелерін шешу, инженерлік жабдықтарды тарату, камуфляж және жауынгерлік қауіпсіздікті реттеу мәселелері қарастырылды" деп көрсетілді.

Ресейдің Стратегиялық Зымырандық күштері орыс армиясының Стратегиялық Атомдық күштерінің негізгі бөлшегі ретінде шабуыл ықтималын атомдық тежеу ​​құралы ретінде міндет атқарады және соғысқа дайын тұратын жасақтардан құралады.



Ұқсас жаңалықтар