ГазПром «Shell Energy Europe» мен «Orsted» компанияларына табиғи газды тоқтатты

Газпром тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1835893
ГазПром «Shell Energy Europe» мен «Orsted» компанияларына табиғи газды тоқтатты

Орыс Газпром энергетикалық компаниясы «Shell Energy Europe» мен даниялық «Orsted» компанияларына табиғи газды тасымалдауды толығымен тоқтатқанын хабарлады.

Газпромнан жасалған мәлімдемеге қарағанда «Shell Energy Europe» және орталығы Даниядағы «Orsted» энергетика компанияларының Ресей табиғи газын тасымалдау үшін қажетті төлемді орыс валютасымен (рубль) жасамағаны атап көрсетілді.

1 сәуір күнінен бастап орыс табиғи газы үшін төлемдердің рубльмен жасалу талабына назар аударылған мәлімдемеде аталған төлемді жасамаған Shell Energy Europe және Orsted компанияларына табиғи газ жеткізілімін бүгінен бастап толығымен тоқтатқаны білдірілді.

Газпром бұған дейін рубльмен төлемегені себепті Польша, Болгария, Финляндия және Нидерландыға табиғи газ тасымалдауын тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар