Боррель Еуроодақты берекеге шақырды

Жозеп Боррель: "Украинадағы «Ресей соғыс машинасын әлсіретуді» қалайтындарын, алайда Мәскеумен тікелей қақтығысу ниеттері жоқ екенін" айтты.

1835623
Боррель Еуроодақты берекеге шақырды

Еуропа Одағының Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинадағы «Ресей соғыс машинасын әлсіретуді» қалайтындарын, алайда өздерінің  Мәскеумен тікелей қақтығысу ниеттері жоқ екенін айтты.

Жозеп Боррель Бельгия астанасы Брюссельде 24 ақпаннан бері жалғасқан Ресей-Украина соғысын бағалады.

Жозеп Боррель:

"Украина соғысынан сауданың, құқықтың үстемдігінің және күшті азаматтық ұйымның жеткілікті болмайтынын түсіндік. Еуроодақ мықты бір әскери күш болуы қажет" деді.

Осы тұрғыдан Еуроодақ елдерін НАТО мүшелерін бақылауға және қорғаныс шығынын арттыруға шақырған Боррель:

"Қорғаныс ұлттық бір билік. Жұмысымыз өте көп.  Әскери бюджетімізді ұйымды түрде арттыруымыз керек" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар