Бразилиядағы лай көшкінінде 91 адам қаза тапты

Бразилия президенті Жаир Болсонару кеше апаттан ең көп зардап шеккен  Пернамбуко уәлаятына барды.

1835415
Бразилиядағы лай көшкінінде 91 адам қаза тапты

Бразилияның Пернамбуко уәлаятының түрлі аймақтарында аптаның басынан осы таңға дейін жалғасқан толассыз жауын-шашын салдарынан сел және лай көшкіні болды. Сел және лай көшкіні кесірінен қаза тапқан адам саны 91-ге жетті. 

Лауазым иелері бұл санның 100-ден асуы мүмкіндігін айтты. Іздеу құтқару тобы тарапынан жоғалып кеткені анықталған 26 адамның іздеу жұмыстары жалғасуда. 

Бразилия аймақтық даму министрі Даниэль Феррейра  үкіметтің төтенше жағдай жариялаған өңірлерге қаржы бөлетінін білдірді. 

Бразилия президенті Жаир Болсонару кеше апаттан ең көп зардап шеккен  Пернамбуко уәлаятына барды. 

 



Ұқсас жаңалықтар