Ресей армиясы Украинаның шығысына қарай ілгерілеуде

Ресейдің негізгі мақсатының Донецк пен Луганск аймақтарын толық бақылауға алу екені білдірілді.

1833517
Ресей армиясы Украинаның шығысына қарай ілгерілеуде

Украина Бас штаб басқармасы Ресей армиясының елдің шығысындағы Донецк және Луганск аймақтарын түгелдей бақылауға алуға тырысқанын мәлімдеді.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Ресей әскерлерінің Украина армиясының шығыс аймақтарындағы күшін әлсіретуге тырысқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Ресейдің негізгі мақсатының Донецк пен Луганск аймақтарын толық бақылауға алу екені білдірілді.

Украина Бас штаб басқармасы құрамындағы Операциялық басқару төрағасы орынбасары Алексий Громов Луганск аймағындағы жағдайдың қиындағанын атап, «Алайда жағдайды өзгерту үшін бар күшімізді салып жатырмыз» деді.

Орыс армиясының әуеден және жерден шабуыл жасағанын және мұның олар үшін артықшылық екенін білдірген Громов жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасағандарын баса айтты.

Громов «Серіктес елдердің заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етілуі біздің жеңісімізді тездетеді» деді.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) жоғары лауазымды бір қызметкері де Ресейдің Украинаның Донбасс аймағында әскери жетістіктерін арттырып, көптеген аймақта украин күштерін қоршауға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Ресейдің Украинаның шығысындағы ілгерілеуінің жалғасып жатқанын атап көрсеткен лауазмды «Ресейдің Славянск пен Краматорскке қарай ілгерілегенін бағалаймыз. Соғыс жалғасып жатқанымен орыс күштерінің Сиверодонецктің солтүстік-шығысының көпшілігін басып алғанын болжаймыз» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күнінен бастап Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова минадан тазартылған соң Мариуполь портынан 5 шетелдік жүк кемесінің шыққанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар