НАТО 30 одақтасты ымыраға шақырды

Йенс Столтенберг Финляндиямен де, Швециямен де, Түркиямен де тұрақты диалогта екенін айтты.

1832551
НАТО 30 одақтасты ымыраға шақырды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінімдеріне қатысты одақтас 30 елдің бітімге келуі үшін жұмыс істеп жатқандарын және Түркияның алаңдаушылығының қарастырылғанын айтты.

Йенс Столтенберг Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Сефик Дзаферовичпен НАТО Бас штабындағы кездесуінен кейін ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінімдеріне қатысты  сұраққа жауабында Йенс Столтенберг Финляндиямен де, Швециямен де, Түркиямен де тұрақты диалогта екенін айтты.

Йенс Столтенберг Финляндия мен Швеция делегацияларының Түркияда кездесулер өткізгенін ескертіп, кездесулердің президент, премьер-министрден елшілер дәрежесіне дейін жалғасқанын хабарлады.

Йенс Столтенберг:

"Мен шешім табылатынына сенемін. НАТО-ның ашық қақпа саясатының табысты екені жайлы барлық одақтастар ортақ пікірде.  НАТО одақтастары арасында өзгешеліктер болуы мүмкін. Түркия сияқты одақтастар уайымын жеткізген кезде отырып, мұны кеңесудеміз. 30 одақтас елдің ымыраға келуі керек. Біз осы үшін талпынудамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар