Еуропа Одағының Украинаға жәрдемі жалғасады

Соңғы жәрдеммен Еуропа Одағының Украинаға әскери жәрдемдердің жалпы саны 2 миллиард евроға ұласты.

1831731
Еуропа Одағының Украинаға жәрдемі жалғасады

Еуропа Одағы елдері Ресеймен соғысқан Украинаға әскери көмек үшін 500 миллион евролық қосымша жәрдем беруге келісті. 

Еуропа Одағы Кеңесінен жасалған мәлімдемеде Еуропа Одағы жәрдемінің Украина армиясының елінің егемендігін және территория тұтыстығын қорғауына мүмкіндік беретіні, сондай-ақ Ресейдің шабуылына қарсы бейбіт тұрғындарды қорғауға жәрдем болатыны білдірілді. 

Соңғы жәрдеммен Еуропа Одағының Украинаға әскери жәрдемдердің жалпы саны 2 миллиард евроға ұласты. 

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель жасаған мәлімдемесінде "Бұл қолдау Украинаның өзін қорғауында Еуропаның талпыныстарының тек бір бөлшегі ғана. Еуропа одағы және мүше елдер жалғасты қолдау беруге табанды. Соғыс басталғаннан бері жәрдем берудеміз. Соғыс доғарылғанға дейін жәрдем жалғасады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар