Германияда бір мешітке шабуыл жасалды
Германияның Гессен провинциясындағы Кассель қаласында бір мешітке шабуыл жасалды.
Еуропа Түрік ислам одағына қарасты Кассель түрік мәдениет орталығы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мешітке жергілікті сағат бойынша 03.10-де шабуыл ұйымдастырылды. Шабуыл салдарынан ғибадатхананың әйнектері мен қабырғалары зақымдалды.
Еуропа Түрік ислам одағы төрағасы Дурмуш Йылдырым жасаған жазбаша мәлімдемесінде мешітке жасалған шабуылды айыптады.
Йылдырым " Мұсылмандардың ғибадат орындары шабуылдарға душар болуда. Бұл тақырыпта баршаны байсалды болуға шақырамын. Жасалған шабуылды қатал түрде айыптаймыз. Қылмыстылардың тезірік анықталуын талап етеміз" деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Рафахта қырғын жасаған Израиль бүкіл әлемде протест етілді
Израильдің Рафахтағы қырғынына қарсы бүкіл әлемде наразылық шерулері өтуде.
302 миллион бала желідегі зорлық-зомбылықтың құрбаны
Ұлыбританиядағы Эдинбург университеті тақырыппен байланысты есеп жариялады.