Сербия Ресейге жасалған санкцияларға қатысуы керек
Еуропа Одағы Сербияның Ресейге жасалған санкцияларға қатысуы керектігін білдірді.
Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері жиналысы аяқталғанда баспасөзге мәлімдеме жасады. Боррель мәлімдемесінде 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысымен қатар батыс Балқан елдерінің Еуропа Одағы процесін де қолға алғандарын айтты.
Украинаға шабуылы салдарынан Ресейге жасалған санкцияларға Сербияның да қатысуын талап еткен Жозеп Боррель "(Ресей президенті Владимир) Путин режимімен қою қарым-қатынастарды жалғастыруға болмайды. Бұл Еуропа Одағымен ортақ болашақ құру көзқарасына қайшы. Екі кеменің құйрығын ұстауға болмайды. Осы таңда Украина соғысы тақырыбында тарапсыз болу қате бір әрекет болып табылады. Ресей бір елді жаулап алды" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.