С. Кореяда ковид жағдайы

Ким Чен Ын Жұмысшы партиясының Саяси бюросын шұғыл жиналысқа шақырды.

1827404
С. Кореяда ковид жағдайы

Солтүстік Кореяда Ковид-19 індетіне байланысты алаңдаушылық күшейіп жатқанда, күдікті өлімнен қайтыс болған адамдардың саны 50-ге жетті.
Осы елде 2 жылға жуық уақыттан кейін бірінші рет бейсенбі күні алғашқы Ковид-19 жағдайын растады. Ел көлемінде  күдікті инфекциялар санының өсуі байқалды.
Мемлекет бақылауындағы Корея Орталық ақпарат агенттігі (KCNA) тағы 392 900 адамда себебі белгісіз жоғары температура байқалғанын хабарлады.
Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ге дейінгі 24 сағаттық кезеңде тағы 8 адам қаза тауып, қайтыс болғандар саны 50-ге жетті. Ал күдікті оқиға саны шамамен 96 мыңға өсті деп хабарланды. Күдікті оқиға  саны осылайша 1 миллион 21 мыңға жетті.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кеше Кореяның басқарушы Жұмысшы партиясының Саяси бюросын шұғыл жиналысқа шақырып, армияға індетпен күреске қолдау көрсетуді тапсырды.
Бейсенбі күні Солтүстік Корея өзінің алғашқы Ковид-19 жағдайын ресми түрде растаған еді. Сарапшылар да медициналық жабдықтың жетіспеушілігіне байланысты науқас санының анықталмауының гуманитарлық дағдарыс пен жаппай өлімге әкелуі мүмкін екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар