Индонезиядағы апатта 14 кісі мерт болды

Латиеф Усман автобус апатында 14 кісі қаза тапқанын және 19 кісі жарақат алғанын білдірді.

1827576
Индонезиядағы апатта 14 кісі мерт болды

Индонезияның Ява аралында туристерді тасыған автобус апатында 14 кісі қаза тапты, 19 кісі жараланды. 

Полиция бастығы Латиеф Усман Шығыс Ява штатының астанасы Сурабая аймағынан туристерді тасыған автобус туристік таулы аймақ Диенг үстіртінен қайтып келе жатқанда Можокерто жолындағы билбордқа соғылғанын айтты.

Латиеф Усман автобус апатында 14 кісі қаза тапқанын және 19 кісі жарақат алғанын білдірді.

Көлік жүргізушісінің  апат алдында қалғып кеткенін естігендерін айтқан Усман оқиға себебі зерттелгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар