Жапония Ресейге қарсы санкцияны арттырады

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида елінің Ресейге қарсы санкцияларын арттыратынын білдірді.

1822823
Жапония Ресейге қарсы санкцияны арттырады

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Украинадағы соғыс себепті Ресейдің жеке тұлғалары мен ұйымдарына қарсы санкцияларды кеңейтетіндерін айтты. 

Премьер-министр  Фумио Кисида Еуропа турының соңғы күнінде Лондонда журналистерге мәлімдеме жасады. Кисида мәлімдемесінде елінің Ресейге қарсы санкцияларын арттыратынын білдірді. 

Кисида Үлкен жетілік елдерінің Украинада алған міндетінің маңыздылығына назар аударып, "Бейбітшілік пен тәртіп жүйесін қорғау үшін Үлкен жетілік елдердің селбесуін күшейтуіміз керек" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар