Мариуполь қаласынан эвакуациялау операциясы жалғасуда

БҰҰ соңғы эвакуациялау операциясында 300 бейбіт тұрғынның тағы қауіпсіз аймақтарға жеткізілгенін білдірді.

1822658
Мариуполь қаласынан эвакуациялау операциясы жалғасуда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Украинада орыс әскерлерінің қоршауында қалған Мариуполь қаласы мен жақын аудандардан соңғы эвакуациялау операциясында 300 бейбіт тұрғынның тағы қауіпсіз аймақтарға жеткізілгенін білдірді.

БҰҰ-ның Украина бойынша Гуманитарлық үйлестірушісі Оснат Лубрани жазбаша мәлімдемесінде Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен (ХҚКК) ынтымақтастығымен Мариуполь қаласы мен жақын аудандарда қоршауда қалған бейбіт тұрғындарды эвакуациялау операциясының табысты жалғасқанын хабарлады.

Мариуполь қаласы мен жақын аудандарынан, Манчуш, Бердианск, Тоқмақ және Васильевка қалаларынан эвакуациялау операциясында 300 бейбіт тұрғынның  230 шақырым жердегі Запорожье облысына ауыстырылғанын айтқан Лубрани:

"Бейбіт тұрғындардың үстіндегі киімінен басқа заты жоқ. Қиын күндерінде псхологиялық жәрдемді қамтыған барлық қолдауды береміз" деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымынан 2 мамырда жасалған мәлімдемеде Мариуполь қаласы мен жақын аудандарда қоршауда қалғандарды эвакуациялау операциясы басталған 29 сәуірде алдымен Азовсталь металлургиялық зауытынан 100-ден астам бейбіт тұрғын эвакуацияланғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар