АҚШ украин әскерлерін Германияда жаттықтыруда

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1820925
АҚШ украин әскерлерін Германияда жаттықтыруда

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) баспасөз хатшысы Джон Кирби АҚШ сарбаздарының Германиядағы украин әскерлеріне маңызды әскери жүйелер, соның ішінде радар мен артиллериялық жаттығуларды үйретуді бастағанын жариялады.

Кирби күнделікті баспасөз мәслихатында «Америка Құрама Штаттарының Украина Қарулы күштері мен Германиядағы АҚШ әскери нысандарында құлыптау жүйелері тақырыбында оқыту бағдарламасының бастағанын жариялаймын» деді.

Кирби оқу-жаттығудың АҚШ Еуропа және Африка қолбасшылығы мен Германияның үйлестіретінін және соғыстың алдында Украинадан шығарылған 160 адамнан тұратын Флорида ұлттық гвардиясының жүргізетінін айтты.

Мәлімдемеші Донбасста соғыс күшейіп жатқандықтан, жаттығуларға АҚШ-тың жақында Украинаға жеткізген радар мен артиллериялық жүйелеріне қоса «Ресейдің Украинаның шығысындағы бастаған шабуылына қарсы тұру қабілетін күшейтетін жаңа жүйелерді» қамтитынын баса айтты.

«Ресей президенті Владимир Путинді әлі де ұтымды актер ретінде көреді ме, жоқ па?» деген сұраққа жауап қайтарған Кирби «Владимир Путиннің психологиясына бармаймын. Украинада не істегеніне, оның күштерінің не істегеніне қарап, кез-келген тұлғаның оны ақылақтық тұрғыдан ақтай алатынын ойлау қиын. Кейбір суреттерге қарап, оның жақсы ойлайтынын елестету қиын. Байыпты, жетілген бір басшы олай істей алмайды. Сондықтан оның психологиясы туралы айта алмаймын, бірақ оның азғындығына қатысты бәріміз ойымызды айта аламыз деп ойлаймын» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар