Судандағы қақтығыста қаза тапқан адам саны 200-ден асты

Батыс Дарфур аймағындағы қақтығыстарда мөлшермен 200-ден астам адам қаза тапты.

1820249
Судандағы қақтығыста қаза тапқан адам саны 200-ден асты

Суданның Батыс Дарфур аймағында екі тайпа арасында қақтығыс болды. Қақтығыстарда мөлшермен 200-ден астам адам қаза тапты.

Батыс Дарфур гуманитарлық және медициналық төтенше жағдай комитетінен жасалған мәлімдемеге қарағанда қақтығыстар Генейна қаласындағы Кырейник аймағында 24 сәуірде Африка және араб текті тайпалар арасында басталған. Қақтағыстарда  200-ден астам адам көз жұмды, көптеген адам жарақат алды. Оқиғада 60 мыңға тарта адам қоныс аударды. 

Комитет 18 тонналық медициналық бұйым, дәрі-дәрмек және басқа гуманитарлық жәрдем, материалдық көмек тасымалдаған 4 ұшақты аймаққа жіберді. 

Мемлекеттің батысындағы Дарфур аймағында екі тайпа арасындағы қақтығыс салдарынан әр жылы жүздеген адам қаза табуда, мыңдаған адам қоныс аударуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар