Босқын саны 5 миллион 264 мың 767-ге жетті

Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 5 миллион 264 мың 767-ге ұласты.

1818496
Босқын саны 5 миллион 264 мың 767-ге жетті

БҰҰ 5 миллион 264 мың 767 босқынның Украинадан көрші елдерге өткенін мәлімдеді.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты (БҰҰ БЖКБ) Украинадағы босқын дағдарысы туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бөлісті.

Бұған қарағанда 24 ақпан мен 25 сәуір күндері аралығында  5 миллион 264 мың 767  босқын  Украинадан көрші елдерге өткен.

Көрші елдерден Польшаға (2 миллион 922 мың 978), Румынияға (782 мың 598), Ресейге (614 мың 318), Венгрияға (496 мың 914), Молдоваға (435 мың 275), Словакияға (357 мың 560) және Белорусьқа (24 мың 578) өткелдер бар екені білдірілген мәлімдемеде Донецк және Луганск аймақтарынан да 18-23 ақпан күндерінде 105 мың адамның Ресейге өткені атап көрсетілді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар