Конашенков Украинаға тиесілі нысандарды жоюды жалғастырғандарын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1817711
Конашенков Украинаға тиесілі нысандарды жоюды жалғастырғандарын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның Херсон аймағында «Pantsir-S» зымыран жүйесі арқылы Украинаға тиесілі «Точка-У» тактикалық зымыранын әуеде атқандарын хабарлады.

Конашенков мәлімдемесінде Украинадағы соғыста орыс әскерлерінің әрекеттері туралы ақпарат берді.

Украина нысандарына бағытталған жоғары дәлдіктегі қаруларды қолдануды жалғастырғандарын білдірген Конашенков «Кременчук қаласының солтүстік шетіндегі мұнай өңдеу зауытының жанармай өндірісі мен Украина әскерлерінің әскери-техникалық көліктеріне жанармай беретін қойманы жоғары дәлдіктегі қарумен аттық» деді.

Түнімен Харьков аймағында ауадан жоғары дәлдіктегі зымырандармен 6 украин әскери нысанын жойғандарын атап көрсеткен Конашенков Ресей әуе операциялық тактикалық бөлімшелерінің 56 әскери орынды жойғанын білдірді.

Ресейдің Әуе қорғаныс жүйесінің Харьков және Херсон аймақтарында Украинаның 13 пилотсыз әуе көлігін атып түсіргенін мәлімдеген Конашенков Херсон аймағында «Pantsir-S» зымыран жүйесі арқылы Украинаға тиесілі «Точка-У» тактикалық зымыранын әуеде атқандарын хабарлады.

Орыс мәлімдемеші «Осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 141 әскери ұшақ, 110 тікұшақ, 566 пилотсыз әуе көлігі, 265 әуе қорғаныс жүйесі, 2 мың 526 танк пен сауытты көлік, 283 көп ұңғылы зымыран жүйесі, 1 мың 96 гаубица мен пневматикалық зеңбіректері, 2 мың 326 жеке әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар