Ирактағы күрд әкімшілігі PKK-ға қарсы

«PKK кедейлердің үйлерін қиратып, бопсалауда» деді ол.

1817308
Ирактағы күрд әкімшілігі PKK-ға қарсы

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі (ИКАӘ )Сыртқы байланыстар басқармасы басшысы Сефин Дизайи бөлшектеуші террор ұйымы PKK -ның аймақтағы болмысын сынға алды.

Дизайи күн тәртібіне байланысты Эрбильдегі бір телеарнаға мәлімдеме жасады.

«PKK кедейлердің үйлерін қиратып, бопсалауда» деді ол.

Дизайи PKK-ның Махмур, Синджар, Киркук және Ханекин төңірегінде проблемалар тудырғанын айтты.

PKK-ның өзін ИКАӘ-не балама ретінде қарағанына назар аударған ресми өкілі "Басынан бастап PKK бұл аймақтарда не істеп жатыр деп сұрауымыз керек. Күрд аймағы үкіметі сайланған үкімет және ол бұл аймақтарға жауапты. PKK өзін Кандил сияқты  аймақтарда балама ретінде көреді. Олар жер-су атауларын өзгертеді. Бұған жол беруге болмайды. Бұл аймақтардың атауларын өзгертуге, өз билігін тануға және халықтан алым алуға кім құқық берді?» деді.

ИКАӘ премьер-министрі Масрур Барзани 2021 жылы 27 ақпанда Францияда хабар тарататын France 24 арнасына жасаған мәлімдемесінде PKK -ның кесірінен 800 ауылдың қайта салынбағанын айтып, PKK -ның аймақта болуына жақсы қарамайтындарын білдірген еді.

«Өкінішке орай PKK ИКАӘ шенеуніктерінің жақсы ниетін пайдаланды. Террор ұйымы аймақтағы тауларды, тіпті елді мекендерді басып алды, сондықтан 800 ауылды қайта салу мүмкін емес болып отыр» деген болатын.

"Кейде фермерлердің жерлерін тартып алады. Көбінесе оларды ауылдардан қуыр жібереді. Сондықтан бұл жағдай ушыға қоймас деп үміттенеміз. PKK бұл аймақтағы әскери болмысынң ешкімге қызмет етпейтінін түсінеді деп сенеміз. Біз бұған шыдамаймыз» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар