Голландия Румынияға әскер жолдайды

Голландия әскерлердің алғашқы сатыда 12 ай бойынша 900 әскерден құралған Франция лидерлігіндегі НАТО жауынгерлік тобының бір бөлімін құрайтыны білдірілді.

1815291
Голландия Румынияға әскер жолдайды

Голландия НАТО-ның шығыс қанатын күшейту мақсатымен Румынияда құрылатын көп ұлтты жауынгерлік тобына 200 әскермен қолдау беретінін білдірді.

Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде голландиялық әскерлердің жазда Румынияның Цинку аймағындағы әскери базаға орналасатыны хабарланды.

Мәлімдемеде әскерлердің алғашқы сатыда 12 ай бойынша 900 әскерден құралған Франция лидерлігіндегі НАТО жауынгерлік тобының бір бөлімін құрайтыны білдірілді.

Сонымен бірге 85 әскери қызметкерден ұйымдасқан инженерлік тобының майданды дайындауға жәрдемші болу үшін келер ай Голландиядан Румынияға баратыны  жарияланды.

НАТО 12 сәуірдегі мәлімдемесінде Болгария, Венгрия, Румыния және Словакияда көп ұлтты жауынгерлік топтар құрылатынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар