Йеменде БҰҰ мен хоуситтер келісімге қол қойды

Йеменде балаларды жауынгер болып, қолдануды тоқтату туралы келісімге қол қойылды

1814581
Йеменде БҰҰ мен хоуситтер келісімге қол қойды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және хоуситтер Йеменде балаларды жауынгер болып, пайдалануды тоқтату туралы келісімге қол қойды.

БҰҰ мен хоуситтер соғыстар мен қақтығыстарда балалардың қолданылмауы, өлтірілмеуі және мүгедек қалуының алдын алу бойынша бір іс-шаралар жоспары шеңберінде келісті.

Қол қойылған келісімге сәйкес мектептер мен ауруханалар шабуылдарда нысанаға алынбайды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің «қарулы қақтығыстарда балалар» тақырыбындағы арнайы өкілі Вирджиния Гамба балаларды қорғауға бағытталған бұл қадамды құптап, тараптарды елдегі атысты тоқтатуға балалардың құқығы мен қажеттіліктеріне басымдық беруге шақырды.

Іс-шаралар жоспары аясында хоуситтер жауынгер болып, қолданылған балалардың анықтауға және босатуға уәде берді.



Ұқсас жаңалықтар