АҚШ-та мешітке шабуыл жасалды

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

1814171
АҚШ-та мешітке шабуыл жасалды

Америка Құрама Штаттарының  Вирджиния штатындағы мешітке исламофобиялық шабуыл жасалғаны білдірілді.

Глен Аллен кампусында орналасқан «West End» Ислам орталығы жасаған мәлімдемеге қарағанда, әлі күнге дейін аты-жөні анықталмаған кісілер мешітке кіріп,  зиян келтірген.

Мешіттегі вандализм кезінде қабырғаларға мұсылмандарға қарсы жазбалар жазылған, терезелер сындырылған және мешіттегі жиһаздар бүлінген.

Мәлімдемеде мешіттің соңғы 6 айда екі рет осындай вандализмге ұшырағанына назар аударылды.

«Рамазан айында ғибадатханаға жасалған бұл шабуыл – мұсылман қауымына жасалған шабуыл» деп айтылды.

Бұл шабуылды Хенрико аудандық полиция бөлімі жек көрушілік қылмысы ретінде тергеп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар