Филиппиндегі "Меги" дауылынан 172 адам қаза тапты

«Меги» дауылы салдарынан қаза тапқандар санының 172-ге жеткені білдірілді.

1813754
Филиппиндегі "Меги" дауылынан 172 адам қаза тапты

Филиппинде тропикалық «Меги» дауылының салдарынан болған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 172-ге жетті.

Inquirer News-тің Филиппин Табиғи апат қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық агенттігінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған хабарына қарағанда «Меги» тропикалық дауылы 10 сәуір күні құрлыққа ұласты.

Филиппинде «Агатон» деп аталатын «Меги» дауылы Висайи аралдарында су тасқыны мен көшкіннен ең көп зардап шеккен аймақ болды.

Висайидің шығысында 156 адам, Висайидің батысында 11 адам, Даваода 3 адам және Висайидің орталығында 2 адам су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан мерт болды.

Осылайша су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан 172 адам қаза тауып, 8 адам зардап шекті.

Апат салдарынан 110 адам болса із-түссіз жоғалды.

Сонымен қатар, Филиппин Табиғи апат қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық агенттігі өкілі Марк Тимбал DZBB радиосына жасаған мәлімдемесінде іздеу және құтқару жұмыстары туралы ақпарат берді.

Тимбал су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккен аймақтарда құтқару топтарының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық бар екенін, бірақ жұмыстың кем дегенде 300 қызметкермен үздіксіз жалғасып жатқанын атап көрсетті.

Су тасқыны мен топырақ көшкіні салдарынан 2 миллион 15 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Эвакуацияланғандардың 207 мың 572-сі эвакуациялық орталықтарға, 188 мың 348-і болса әртүрлі әлеуметтік жайларға орналастырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі лауазымдыларының айтуынша «Меги» дауылының ауыл шаруашылығы саласына келтірген шығыны 703 миллион филиппин песосынан (шамамен 13 миллион 700 мың АҚШ доллары) асты.

«Меги» дауылының кесірінен мыңдаған гектарлық ауылшаруашылығы алаңына зиян келді.

«Меги» дауылының Азияның оңтүстік шығысындағы Филиппин елінде соққан алғашқы тропикалық дауыл екені айтылады.

Жыл сайын орташа есеппен 20 дауыл мен тайфун болатын Филиппинде 2013 жылы "Хайян" тайфунында 6 мыңнан астам адам қаза тауып, елге үлкен залал келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар