Украинадағы мәйіттер саны артуда

Бородианка ауданында соңғы екі күнде 17 адамның мәйіті шығарылды.

1813026
Украинадағы мәйіттер саны артуда

Украинаның астанасы Киев аймағында орын алған және орыс армиясының әуе шабуылдары салдарынан қоқсыққа айналған Бородианкағы үйінділердің астынан тағы 7 бейбіт тұрғынның мәйіті табылды. 

Ресей-Украина соғысының алғашқы күнінен бастап қатты қақтығыс болған, сондай-ақ ғимарат қоқсықтарында мәйіт іздеу жұмыстары жалғасқан Бородианка ауданында соңғы екі күнде 17 адамның мәйіті шығарылды. 

Бородианка қалалық әкімшілігінің мәлімдемесіне қарағанда ғимарат үйінділерінен осы таңға дейін 37 мәйіт шығарылды. 

Лауазым иелері іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар