Ресейдің Балтық аймағында ядролық қару қоры бар

Ресейдің Балтық теңізінде жағалауы бар Калининград облысында ядролық қаруы бар екені білдірілді.

1812355
Ресейдің Балтық аймағында ядролық қару қоры бар

Литва қорғаныс министрі Арвидас Анусаускас Ресейдің Балтық аймағында ядролық қару қоры бар екенін мәлімдеді.

Эстонияның BNS ақпарат агенттігіне сөйлеген сөзінде министр Анусаускас Ресейдің Балтық аймағына ядролық қару жолдайтыны мәлімдемесін бағалады.

Арвидас Анусаускас аталмыш пайымдаудың таңырқарлық екенін білдіріп, Литваның оңтүстік шекарасының 100 километр жақынында Ресейдің Балтық теңізінде жағалауы бар Калининград облысында ядролық қаруы бар екенін мәлімдеді.

Ресеймен құрлық байланысы жоқ Калининград облысы Литва мен Польша арасындағы 15 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр.

Ресейдің бұрынғы премьер-министрі және Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев кешегі мәлімдемесінде Швеция мен Финландия НАТО мүшелігіне өтініш беретін болса, Ресейдің Балтық аймағындағы әскери болмысын күшейтетінін және аймаққа ядролық қару жолдауы мүмкін екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар