Гутерреш Украинадағы шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттереш "Атыстың қазір тоқтайтын түрі жоқ" деді.

1812040
Гутерреш Украинадағы шабуыл жайлы мәлімдеме жасады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Украина-Ресей  соғысы салдарынан 1,7 миллиард адамның зардап шекенін, сондай-ақ азық-түлік, энергия және қаржы жүйелерінде қиыншылық шеккені жайлы ескерту жасады. Гуттереш "Атыстың қазір тоқтайтын түрі жоқ" деді. 

Антониу Гутерреш БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) Бас хатшысы Ребека Гринспанмен кездесуден кейін мәлімдеме жасады. 

Гутерреш соғыстың жаһандық кедейшілік пен ашаршылықты арттырғанын, даму жолындағы елдердің экономикасына қауіп төндіргенін білдірді. 

Бас хатшы Гутерреш "Даму жолындағы елдерді қаржы қиыншылығынан құтқаруымыз керек" деген сөздер қолданды. 

Соғыстың доғарылуы және келіссөздердің тездетілуі жөнінде үндеу тастаған Гутерреш Украина халқының мағынасыз бір соғыста құрбан болмауы керектігін түсіндірді. 

Антониу Гутерреш  Украинадағы атыстың қазір тоқтайтын түрінің жоқтығын, алайда бейбіт халықтың қақтығыс аймағынан эвакуациялануы үшін жұмыс істеу керектігін айтты. Гутерреш Ресейге және Украинаға эвакуациялау жұмыстары үшін бір механизм құрылуын ұсынғандарын баяндады. 

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры (UNICEF) және  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса 24 ақпаннан осы таңға дейін Ресейдің шабуылдарды жалғастырғанын, сондай-ақ Украинада жасалған шабуылдардың доғарылуы жайлы үндеу тастады. 

 



Ұқсас жаңалықтар