Байден Ресейдің Украинада қырғын жасағанын айтты

Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада қырғын жасағанын айтты.

1811372
Байден Ресейдің Украинада қырғын жасағанын айтты

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада қырғын жасағанын айтты.

Джо Байден елінде соңғы кезде өскен жанармай бағасы және соңғы 41жылдың ең жоғарғы инфляциясына байланысты мәлімдеме жасады. 

Бағаның өсуін түсіру үшін қолынан келгенін істегендерін баяндаған Байден "Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы барша әлемде жанармай және азық-түлік бағаларының қымбаттауына себеп болды. Әлемнің ең үлкен дақыл өндірушісі Қытай, Ресей және Украина бұрынғы сияқты өндірмеуде. Сондықтан барлық нәрсенің бағасы өсуде. Бүгін жарияланған инфляцияның 70 пайызының жанармай және азық-түлік бағаларынан туындағанын көрдік" деген сөздер қолданды.

Байден ықпалды азайту үшін Конгреспен бірге жұмыс істегендерін мәлімдеді. 

Барша әлемдегі және АҚШ-тағы жанармай бағаларын төмендету үшін стратегиялық мұнай резервтерінен әр күні 1 миллион баррель мұнайды нарыққа шығарғандарын және басқа елдердің де мұндай қадамдар басқанын түсіндірген Байден "Отбасыңыздың бюджеті әлемнің басқа қиырындағы бір диктатордың (Путиннің Украинаға) соғыс жариялап, қырғын жасауымен байланысты болмауы керек" деп көрсетті. 

АҚШ лидері осы сөздерімен Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары үшін тағы бір рет "қырғын" сөзін қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар