БҰҰ: «Украинада кем дегенде 1 мың 892 бейбіт тұрғын қаза тапты»

БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты мәлімдеме жасады.

1811230
БҰҰ: «Украинада кем дегенде 1 мың 892 бейбіт тұрғын қаза тапты»

Ресей-Украина соғысында Украинада кемінде мың 892 бейбіт тұрғын қаза тапты, 2 мың 558 бейбіт тұрғын жарақат алды. Шабуылдардан кейін 4 миллион 615 мың 830 адам көрші елдерге өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты жасаған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысы туралы деректерге орын берілді. 

Мәлімдемеде 24 ақпан-11 сәуір күндері арасында Украинадан көпшілігі Польшаға барған 4 миллион 615 мың 830 адамның көрші елдерге өткені білдірілді.

Көрші елдерден Польшаға (2 миллион 645 мың 877), Румынияға (701 мың 741), Ресейге (433 мың 83), Венгрияға (428 мың 954), Молдоваға (413 мың 374), Словакияға (320 мың 246) және Белоруссияға (21 мың 292) өткелдер бар екені білдірілген мәлімдемеде Донецк және Луганск аймақтарынан да 21-23 ақпан күндерінде 113 мың адамның Ресейге өткені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар