Путин мен Лавровтың қыздарына санкция жасалды

Ұлыбритания Путин мен Лавровтың қыздары туралы саяхатқа тыйым салу және мал-мүлкін шектеу шешімін қабылдады.

1809593
Путин мен Лавровтың қыздарына санкция жасалды

Ұлыбритания Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың қыздарын санкция тізіміне қосты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Путиннің қыздары Катерина Владимировна Тихонова мен Мария Владимировна Воронцова және Лавровтың қызы Екатерина Сергеевна Винокурова туралы саяхат жасауға тыйым салу және мал-мүлкін шектеуге шешім қабылданғаны білдірілді.

25 наурызда Лавровтың өгей қызы Полина Ковалеваға қатысты осындай шешім қабылдаған Ұлыбритания осы санкцияларды АҚШ-пен бірге ұйымдастырды.

Мәлімдемеде пікірлері қамтылған Сыртқы істер министрі Лиз Трасс:

"Теңдесі жоқ санкция пакеттеріміз алпауыттар мен отбасын нысанаға алуда. Бұл орыс экономикасының және Кеңестер Одағының ыдырауынан бергі Ресейдің ең ауыр мөлшерде құлдырауы болады" деді.

Лиз Трасс орыс энергиясын қолдануды тоқтату жоспарларына да назар аударды.

Ұлыбритания Ресейдің Украинаға 24 ақпанда шабуыл жасауынан кейін 120-ден астам кісі мен ұйымға санкция шешімін жасады.



Ұқсас жаңалықтар