Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Герхарт Баум қылмыстық шағым өте кең және көптеген фактілерге негізделгенін айтты.

1809024
Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Германияда Украинаға қарсы соғысқа байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұрынғы әділет министрі Сабина Лейтюссер-Шнарренбергер мен бұрынғы ішкі істер министрі Герхарт Баум Федералдық прокуратурадан әскери қылмыстарды тергеуді талап етіп,  бірнеше ресейлік шенеунікке, соның ішінде Путинге қарсы қылмыстық іс қозғады.

Берлинде өткен баспасөз мәслихатында екі экс-министр Ресей әскерлерінің Украинада жасаған қылмыстарының халықаралық құқық бойынша адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыс болып табылатынын атап өтті.

Герхарт Баум қылмыстық шағым өте кең және көптеген фактілерге негізделгенін айтты. «Олардың қатарында Чернобыль атом электр станциясының бомбалануы, Мариупольдегі перзентхананың бомбалануы және Бучадағы бейбіт тұрғындардың өлімі бар» деді ол.

Халықаралық Қылмыстық кодекске сәйкес халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар шетелде жасалса да Германияда сотталатынына назар аударған Баум Сирияның жоғары лауазымды бір барлау қызметкерінің сотталуын мысал келтірді.

1978 жылы канцлер Гельмут Шмидт (SPD) кабинетінде Ішкі істер министрі болған Баум жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан Бучада қай ресейлік бөлімше орналасқаны туралы нақты ақпарат бар екенін мәлімдеді.

2009-2013 жылдар аралығында Әділет министрі болған Лейтюссер-Шнарренбергер де: «Біз Украинадағы ауыр әскери қылмыстарға назар аудару үшін заңды құралдарды қолданғымыз келеді, сондықтан біз бұл қадамға баруды шештік» деді.



Ұқсас жаңалықтар